wrapper

Последние

«Шалқар» радиосының «Өнеге» хабарына еліміздің табиғатын қорғау, экологиялық ахуалын жақсарту жолында қызмет атқарып, саланың дамуына орасан үлес қосып жүрген «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің жобалар менеджері, «Жасыл офис» жобасының үйлестірушісі Асыл Оқапова мен баспасөз хатшысы Меруерт Сайлауқызы Абдалиева қатысты.

Жақында ғана дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен алғыс хат алған студия қонақтары Қазақстанда компаниялардың экологиялық саясатын қалыптастыруға және кеңселердің ресурстарын үнемдеуге бағытталған екінші республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсының бүгін басталғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің табиғатын қорғау және экологиялық ахуалын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жобалар туралы, экологиялық өмір салтын қалыптастыру үшін кез-келген адам өзінен бастау керектігі жайында айтты.

Толығырақ бағдарламаның аудионұсқасынан тыңдай аласыз.

Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.

Дереккөз: qazradio.fm/kz

Последнее изменение Четверг, 11 Июнь 2020

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook