wrapper

Последние

Бүгін елордада Coca-Cola Icecek Kazakhstan компаниясы, "Жасыл" экономика және "G-Global" дамыту коалициясы және компанияның ресми өкілі алғаш рет БҰҰ тұрақты даму бағыттары бойынша арнайы семинар ұйымдастырды.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай шара қоғам, мемлекет және бизнес арасындағы маңызды элемент болады және қатысушылардың Тұрақты даму мақсаттарында жетістікке жетудегі өз қызметтерін анықтауға мүмкіндік береді. Сол себепті семинарға жиналған сарапшылар Тұрақты даму мақсаттарының 6 бағыты бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, ТДМ жетістікке жету жолдарын талқылады.

CCI Kazakhstan үшін ТДМ арналған семинар қоғам, мемлекет және үкіметтік емес ұйымдармен диалог құру үшін, сондай-ақ ақпараттық ашықтықты жоғарылату үшін маңызды элемент болып отыр. Бұдан бөлек өз қызметімізге сырт көзбен қарап, ТДМ-да жетістікке жетудегі біздің тиімділігімізді арттыруға мүмкіндік береді. Былтыр біз компания ретінде Қазақстанға қандай пайда әкелдік деп былтыр зерттедік. Сонда мынадай көрсеткіштер шықты: 300 млрд теңге Қазақстанның ЖІӨ пайда әкелдік, 100 млрд теңге салық төледік, 74 млрд теңге жалақы төледік, 1,6 млн литр суды қайтардық, шығаратын бөтелкенің 1% ақысын қайырымдылыққа жұмсадық, 5 млн доллар әлеуметтік көмек ретінде бөлдік, - деді CCI Kazakhstan корпоратив және реттеу байланысы жөніндегі директоры Алима Исембаева.

Компания өкілінің айтуынша, ССК БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары аясындағы 17 мақсаттың тек 6 мақсатын өз қызметтері байланыстыруға болады. Алима Исембаева, осы алты бағыт бойынша компанияның атқарып жатқан жұмыстарын атап өтті. Біз БҰҰ ТДМ барлық 17 бағытын қамти алмайтынымызды білеміз. Яғни барлығы біздің әлеуетімізге не құзыреттілігімізге жатпайды.

Біз қоғамды дамыту, таза экология, климаттық өзгеріспен күрес, суды үнемдеу, гендерлік теңсіздік т.б. мәселелерді көтеріп келеміз. Мысалға, "Соca-Cola белестері" жобамыз ауылда ТДМ дамыту отырған әйелдерге қолдау көрсетеді. "3.2.1. Старт!" деген жобамыз жастардың жобаларын қолдауға бағытталған. Мұнда пластик бөтелкелерді жинау, сұрыптау және өңдеу бағытанда жобалар ұсынылады. Қазір қатысушылар жартылай финалға шықты. Финалда жеңген жобаға грант беріледі. Олар сол арқылы жобасын іске асырады. Содан соң күзде келесі кезеңі басталады, - деді ССК өкілі.

Деректер көзі: baq.kz

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook