wrapper

Последние

Қазақстанның барлық өңіріндегі әйелдерді кәсіпкерлікке баулитын онлайн тренингтер өтеді.

Қазақстандағы "Coca-Cola Белестері" жобасының ұйымдастырушылары өз кәсіпкерлігін бастауға немесе дамытуға дайын әйелдерді оқыту үшін Интернет-ресурстарды қолдану шешімін қабылдап, кәсіпкер қыз-келіншектерді қолдап келеді. 

Біз, "Coca-Cola Belesteri" әлеуметтік жобасының алаңында, ауылдың жандануы үшін мемлекетте ауылдық әйелдер қозғалысын құрдық. Бүгінгі таңда біздің ауыл әйелдеріміз, жобаға қатысушылар, ауыл шаруашылығындағы жасыл технологиялардың қолданушылары мен таратушыларына, сонымен қатар әлеуметтік инноваторларға айналуда. Сонымен, "Coca-Cola Белестерi" байқауының жеңімпаздары жаңа "Ел Өнімі" әлеуметтік жобасының үйлестірушілеріне айналды. Ауылдық әйелдер мен үй шаруашылықтары бар пилоттық ауылдарда біз жасыл технологияларды қолдана отырып, жүзім, жидектер мен көкөністер өсіруді, бақтар өсіруді жоспарлап отырмыз, - деді "Жасыл экономика" және G-Global-ды дамыту Коалициясы" басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова.

"Бизнес тобы: өз бизнесіңді жаса!" (шағын және орта бизнес өкілдері үшін) және "Жеке қосалқы шаруашылық" (бастаушы фермерлер үшін) кәсіпкерлерді оқытуға бағытталған жаңа бағдарламалар аясында аясында қатысушылармен үнемі байланыс орнатылып, мүдделес кәсіпкерлер қауымдастығы құрылады.

Тренингтердің қорытындысы бойынша қатысушыларға курсты аяқтағаны туралы сертификат беріледі. Офлайн немесе онлайн-тренингтен өту туралы алған Сертификат "Coca-Cola Belesterі" байқауына қатысуға өтінім беру үшін қажетті шарт болып табылады.

Деректер көзі: baq.kz

Последнее изменение Вторник, 17 Март 2020

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook