wrapper

Последние

"Coca-Cola Белестері" жобасы аясында 2012 жылдан бастап Қазақстанда жобалық тренингтерге 15 мыңнан астам әйел қатысып, олардың 850-і үздік бизнес-идея конкурсына қатысты. Осы уақыт аралығында 61 әйел 244 мың доллар көлемінде грант алды. 

Қазақстандағы жаңа кәсіпкерлердің қызметі нәтижесінде 150 жаңа жұмыс орны құрылды.

Біздің бағдарлама кәсіпкерлерді жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады. Біз олардың жобаларын сәтті құрып, тұрақты жүргізгендерін қалаймыз. Сондықтан біз өз қатысушыларымызды үнемі қолдаймыз, соның ішінде грант алғаннан кейін офлайн және онлайн түрде байланыстамыз. Біз жыл сайын өнімдер көрмесін және конференция ұйымдастырамыз, сонымен қатар 2019 жылы Қытайдағы ЭКСПО халықаралық көрмесіне қатыстық. Биыл біз БАӘ-де өтетін көрмеге қатысуды жоспарлап отырмыз, - дейді "Әлеуметтік динамика" қоғамдық қорының директоры Елена Ожго Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Қазақстанда 7 жылдан астам жұмыс істеп, 15 мыңнан астам жаңадан келген кәсіпкерлерді біріктіретін "Coca-Cola Белестері" жобасы Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған онлайн-тренингтердің ашылуымен қатар, офлайн режимінде оқыту бағдарламасын Алматы. Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарының ауылдарында жалғастырады. Биыл блиц-тренингтер Ауылдық әйелдер форумы аясында республиканың барлық 14 облыстың орталықтарында да өткізіледі, оған облыстың барша аудандарынан келген тұрғындар қатыса алады. Ал аймақтық тренингтерге қатыса алмағандар үшін мобильді оқу орталығы - Coca-Cola Belesteri Caravan келеді.

Coca-Cola Belesteri - Coca-Cola халықаралық қорының әлемдегі әйелдерге қолдау көрсету жөніндегі 5by20 көпжылдық бағдарламасы, оған 2020 жылдың соңына дейін әйелдерге бизнес тренингтерге қатысуға мүмкіндік беру арқылы әлемдегі 5 миллион әйелді бизнеске тарту, шағын кәсіпкерлікті дамытуға қаржылық көмек беру жатады. 

Жоба жұмыс істеп тұрған жеті жыл ішінде ұйымдастырушылар Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарында жасыл технологияларды қолдану арқылы бизнестің негіздері бойынша 270-тен астам оқыту курстарын өткізді.

Деректер көзі: baq.kz

Последнее изменение Четверг, 05 Март 2020

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook